Пайдалану Шарттары         Условия Пользования         Terms of Use        

Интернет-қызметті ұсыну

туралы келісім

Жалпы ережелер

 

Сіз ұсынылған Интернетке сымсыз  кіру желісіне қосылдыңыз. Өздерінің клиенттеріне жоғары сападағы қызмет көрсетудің кең түрін ұсынуға ұмтыла отырып, Сізге WiFi  технологиясы бойынша Интернет желіге және түрлі қосымшаларға Интернет желісінің базасында кіруді ұсынады. Аталған қызметтерді көрсету кезінде біз мамандандырылған ұйымдарға жүгінуге құқылы.

Интернет желіге және түрлі қосымшаларға Интернет желісінің базасында кіру туралы қызмет көрсету туралы бұл талаптар (ары қарай мәтін бойыншаТалаптар) ҚР 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269-XII Азаматтық кодексінің 395 бабына сәйкес МЖСЖ Пайдаланушыларына жөнелтілген оферта болып табылады және Пайдаланушының олармен келіскен сәтінен бастап, Қызметті көрсету туралы Пайдаланушы мен Орындаушы арасындағы келісім болып табылады.

ҚР № 269-XII Азаматтық кодексінің 396 бабына сәйкес Аталған Келісімнің талаптарын Пайдаланушының қабылдауы туралы Келісімі (акцепт) өздерінің жеке мәліметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» № 567-II Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсанындағы «Байланыс қызметтерін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсанындағы «Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету Қағидалары», Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217-III «Ақпараттандыру туралы» Заңының негіздерінде және пайдаланушыларға Интернет желісін өзге де пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуі және қысым жасауы мүмкін әрекеттерді жасауға шектеу қоятын Талаптарды пайдаланудың аталған Талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.                                                                      

Осы Талаптардың мақсаттары үшін келесі негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

Орындаушы - Mishka Wi-Fi

 

Пайдаланушы – Интернет желісіне қол жеткізу операторымен немесе Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пунктімен ұсынылатын Интернет желісіне қол жеткізу қызметін ақылы немесе ақысыз негізде алатын жеке немесе заңды тұлға. 

 

Абоненттік құрылғы — осы соңғы құрылғыны МЖСЖ қосу арқылы Пайдаланушыға Орындаушының қызметіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін Пайдаланушының заңды иелігінде болатын пайдалану (соңғылық) жабдығы.

 

WiFi – Пайдаланушының жабдығының байланыстың телематикалық қызметіне қол жеткізу желісіне сымсыз қосуды қамтамасыз ететін радиоарналар бойынша сандық мәліметтерді берудің нысандарының бірі

 

МЖСЖ – Орындаушымен ұсынылатын мәліметтерді жолдаудың сымсыз желісі

 

WiFi  Желісі - WiFi  технологиясы бойынша Интернет желісіне қол жеткізу желісі   (ары қарай мәтін бойынша «Желі»).

 

WiFi  Адаптері – Пайдаланушының құрылғысының WiFi Желісімен түйісуін қамтамасыз ететін құрылғы.

 

Қызмет – WiFi технологиясы бойынша Интернет желісіне сымсыз қол жеткізуді ақысыз ұсыну бойынша қызметі.

 

Жеке ақпарат – белгілі бір немесе белгіленетін жеке тұлғаға (Пайдаланушыға) тікелей немесе жанама қатысты кез-келген ақпарат.

 

Мәліметтерді жіберудің желіге қол жеткізуді ұсынудың техникалық мүмкіндігі – әрекет ету аймағында пайдалану (соңғылық) жабдығын мәліметтерді жіберу желісіне қосылуға және байланыстың іске қосылмаған желілерін қосуға сұраныс жасалатын байланыс торабы мен пайдаланушылық (соңғылық) жабдық арасында абоненттік желіні қалыптастыруға мүмкіндік беретін, әрекетке тартылмаған дәлелді байланыстың торабының сыйымдылығының бірмезгілде болуы;

Интернет желісіне қол жеткізу қызметі –Интернет желісін пайдалану арқылы мәліметтерді қабылдау, жолдау, өңдеу және сақтау қызметі;

 

 Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізу пункті – қоғамдық тамақтану қызметін көрсете отырып немесе көрсетпей, пайдаланушыларға Интернет желісіне қол жеткізудің ақылы немесе ақысыз қызмет көрсету орны (оның ішінде Интернет желісіне сымсыз қол жеткізу қызметі;                 

 

1.        Осы Келісім талаптарының негізінде Пайдаланушы ақылы немесе ақысыз негізде Орындаушымен ұсынылатын Қызметті пайдаланады. 

2.        Қызметті пайдаланудың алдында Пайдаланушы осы Келісіммен танысуға міндетті.

3.        Осы Келісімнің талаптарын қабылдау, Қызметті пайдалануды қалайтын барлық тұлғаларға міндетті болып табылады.

4.        Егер сіз бірнеше құрылғыны қосқыңыз келсе, онда Сізге әрбір құрылғы үшін жекелеген түрде авторизацияны жасауыңыз қажет.

5.        Осы Ережелерге сәйкес Қызметтің құрамына Пайдаланушыға Интернет желісіне МЖСЖ арқылы қол жеткізу мүмкіндігін беру кіреді.

6.        Қызметтерді алу үшін Пайдаланушыда WiFi орнатылған Адаптерімен бірге жабдығы болуы қажет.

7.        Интернет желісіне қосылуды орналастыру үшін Пайдаланушы келесі шараларды орындауы қажет:

a.         өзінің жабдығы мен қол жеткізу нүктесі аралығында байланыс орнату

b.         пайдаланушының Жабдығында орналастырылған интернет-браузерді іске қосу  

c.        авторизациялау парақшасында кіру тәсілін таңдау: әлеуметтік желіде профиль арқылы немесе мобильді телефон нөмірі арқылы авторизациялау.

d.        ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Орындаушыны сәйкестендіру немесе авторизациялау туралы әрекетті жасау.

 

ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

Пайдаланушының Құқығы:

1.        Орындаушының МЖСЖ Интернет желісіне қол жеткізуді алуды пайдалану және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының ережелеріне және осы келісімнің талаптарына сәйкес қолданыстағы стандарттармен, техникалық нормалармен рұқсат етілген тәсілдер арқылы ақпаратты жіберу.

2.        Орындаушыдан Қызметтерді көрсету ерекшеліктері мен мазмұны туралы ақпаратты алу.

Пайдаланушының міндеттері:

Қызметтерді пайдалану кезінде Пайдаланушыға тыйым салынады:

1.          Басқа Пайдаланушылардың қол жеткізуін шектеу немесе өзге Пайдаланушыларға Қызметтерді пайдалануда кедергі келтіру.

2.          Қызметті коммерциялық мақсатта оны қайта сату жолдарымен пайдалану.

 

3.          Жарнамалық, ақпараттық және өзге де материалдарды мекен-жай иелері тараптарының келісімінсіз жолдау (немесе тапсырыс болмаған жағдайда), сондай-ақ тақырыпқа сәйкес келмейтін электронды баспалар мен конференцияларды келісімсіз жолдау.

4.          Жарнамалық, ақпараттық және басқа да материалдарды интернет желісінің өзге пайдаланушыларына, бұлай жіберуге арналмаған болса да, мекен-жай иелері бұл материалдарды жеке электронды пошта мекен жайына, сондай-ақ электронды баспалар мен жалпыға қол жетімді конференциялар арқылы алуға келіскен жағдайлардан өзге де кездерде, «желпімелі» (жаппай) жолдауды жүзеге асыру. «Желпімелі» (жаппай) жолдау ретінде Пайдаланушыда осы ақпаратты алуға осы мекен-жай иелерінің келісімі жоқ болып табылатын бірмезгілде екі немесе одан да көп мекен-жайларға хабарламаларды жөнелту ұғынылады. Бұл шектеулер электронды жазылым жүйесіне ешқандай да қатынасы жоқ.  

5.          Кез-келген технологиялық компоненттерге (тораптарға), бағдарламаларға, мәліметтер базасына және Орындаушының өзге де құрамдас элементтеріне, интернетке  өз бетінше кіруді (санкцияланбаған) жүзеге асыру, яғни оларды  жасау немесе жасауға ұмтылу, ҚР белгіленген қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін әрекеттер, мысалы ҚР ҚК 6 тарауындағы «Меншікке қарсы қылмыстар», ҚР ҚК 177 бабындағы «Алаяқтық»; ҚР ҚК  7-1 тарауындағы «Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар», ҚР ҚК  227-2 бабы «Ақпараттарға, ақпараттық жүйеге және ақпараттық коммуникациялық жүйеге заңға қайшы қол жеткізу», ҚР ҚК 227-4 бабы «Ақпараттық жүйенің жұмысын қасақана бұзу немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер», ҚР ҚК  227-7 бабы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексінің негізінде «Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату».

6.          Таратылуы, қандай жағдайларда да, болмасын қазақстандық немесе халықаралық құқыққа қайшы келетін  кез-келген ақпаратты жіберу немесе интернет арқылы желіде қолжетімді ету.

7.          Өзінде вирустар немесе өзге де зиянды компоненттері бар кез-келген ақпаратты немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді жолдау.

8.          Жолдау, беріп жіберу, қайта жасау, ұсыну немесе коммерциялық мақсатта ақпаратты, бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе өзге де материалдарды толықтай немесе ішінара, Қызмет көрсетулер арқылы алынған кез-келген түрінде пайдалану (егер бұл осындай ақпаратты, бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе өзге де өнімдерді жеткізушімен рұқсат етілмесе).

9.          Қызмет көрсету арқылы алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе өзге де материалдарды, толықтай немесе ішінара,  авторлық немесе өзге де құқықтармен қорғалған, иелік етушісінің немесе заңды құқық иегерінің рұқсатынсыз жолдау, беріп жіберу, қайта жасау немесе тарату; Ұсынылған қызметтің немесе олардың жұмыстарының негізінде жасалған кез-келген құрамдасын жолдау, беріп жіберу немесе тарату, өйткені Қызмет көрсетудің өзі авторлық және өзге де құқықтардың объектісі болып табылады.

10.       Орындаушымен және/немесе осы ресурстардың иегерлерімен белгіленген интернет желісінің кез келген ресурсын пайдалану ережелерін бұзу.

11.       Орындаушы арқылы ұсынылған немесе мақұлданған бағдарламалық қамтамасыз етуден өзге, Қызмет алу мақсатында автоматты түрде авторизацияны жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.

12.       Пайдаланушы Жабдығының IP-мекен жайын және MAC мекен-жайын, басқа желілік хаттамаларда пайдаланылатын, сондай-ақ мәліметтерді Желіге беру кезіндегі өзге де қызметтік ақпараттарды бұрмалау.

13.       Жабдықтың құралдарын немесе Орындаушының бағдарламалық қамтамасыз етуін өзгерту мақсатында әрекетті жүзеге асыру, немесе олардың жұмыстарында іркіліске алып келуі мүмкін өзге де әрекеттерді жасау.

14.       Желі ресурстарына санкцияланбаған қол жеткізуге талпыныс жасау, желілі ресурсқа шабуыл иелік етушінің немесе осы ресурс әкімшісінің нақты рұқсат етуімен жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, желілік шабуылдарға және желілік бұзуларды жасау және оған қатысу.

Орындаушының құқықтары:

 

1.        Орындаушы осы Талаптарды орындауға байланысты Пайдаланушыларға хабарламаларды «желпімелі» (жаппай) жолдау құқығын сақтап қалады. «Желпімелі» (жаппай) тарату ретінде осы ақпаратты алуға бастама жасаушысының  жолдауы жоқ болып табылатын бірмезгілде 2 (екі) немесе одан да көп мекен- жайларға хабарламаларды жөнелту ұғынылады.

2.        Орындаушы өзі арқылы белгіленген тәртіпте Пайдаланушыларды сәйкестендіруді жүзеге асыруға құқылы, оның ішінде жылжымалы радиотелефондық байланыс қызметін көрсету туралы шартқа сәйкес Пайдаланушыға  байланыс операторымен тағайындалған абоненттік номерді орналастыру жолдары арқылы жүзеге асыруына болады және Пайдаланушының сәйкестендіру мәліметтерін, сондай-ақ осы мекен жайлардың иегерлерінің келісімімен (бұл шектеудің электронды жазылу жүйесіне қатысы жоқ) Қызметтерді көрсету мақсатында Пайдаланушылардың соңғы Жабдығының сәйкестендірулері туралы ақпаратты өңдеуді және сақтауды жүзеге асыра алады.

3.        Орындаушы Пайдаланушылардың жеке мәліметтерін (жеке тұлғаны нақты сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпаратты) жинақтамайды.

Орындаушы жауапты болып табылмайды:

1.        Қызметтерді көрсету нәтіжесінде пайда болған, қолдан жіберіп алған пайда немесе өзге де жанама залалдар үшін;

2.        Пайдаланушымен Интернет желісі арқылы өз бетінше алынған ақпараттар, қызмет көрсетулер мен бағдарламалық қамтамасыз етулер үшін;

3.        Келесі себептер бойынша Жүйенің уақытша жұмысқақабілетсіздігіне байланысты Пайдаланушылардың тікелей немесе жанама қаржылық немесе өзге де шығындар жағдайында: жоспарлы және жоспардан тыс техникалық және профилактикалық жұмыстар, интернет – провайдерлердің, компьютерлік желілердің, серверлер мен құралдардың, сондай-ақ үшінші тұлғалардың әдейі немесе абайсызда жасаған заңға қайшы әрекеттері (оның ішінде байқаусызда), Пайдаланушының өзінің әрекеттері және/немесе форс-мажорлық жағдайлар. Оның ішінде Орындаушы қысқа мерзімде Жүйенің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін барынша күш-жігерін салуға өзіне міндеттеме қабылдайды;

4.        Пайдаланушымен Қызмет көрсету арқылы алынған бағдарламалық өнімдердің әрекеті нәтижесінде Пайдаланушыға келтірілген зақым үшін;

5.        Қызметті пайдалану немесе пайдалану мүмкін еместігі нәтижесінде Пайдаланушыға келтірілген тікелей немесе жанама зақым үшін;

6.         Пайдаланушымен сертификатталмаған абоненттік жабдықты пайдалану жағдайларында және Пайдаланушымен Қызметке қол жеткізуге бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етуді дұрыс емес икемге келтіру кезіндегі көрсетілетін Қызметтің сапасы үшін;

7.        Интернет желісінің жекелеген сегменттерінің дұрыс жұмыс жасауы және қолжетімділігі үшін.

   Орындаушы кепілдік бермейді:

 

1.        Интернет желісі арқылы уақытша немесе тұрақты түрде қолжетімді емес тораптармен немесе серверлермен ақпараттық алмасу мүмкіндігі;

2.        Қызметке қол жеткізудің үздіксіздігі;

3.        Жоғары мүмкіндікті жылдамдықта Интернет желісімен қосылуды ұйымдастыру

                                            

Жеке мәліметтердің (талаптар) құпиялылығы:

1.        Құпиялылық саясаты Орындаушы оның қызметтерін пайдаланушылардан жинайтын, келісім бойынша қызметтерді көрсету үшін қажетті «жеке ақпаратқа» жатқызылады.

2.        Пайдаланушыларға немесе келушілерге Қызметті ұсыну үшін, Орындаушы өз еркімен тіркеу жүйесінің бір бөлігі ретінде ұсынылған жеке ақпаратты жинақтайды. Орындаушы сондай-ақ жүйенің, әкімшілік мақсаттардың және қауіпсіздік мақсаттары үшін басқа да жеке ақпаратты жинақтауға құқылы.

3.        Орындаушы автоматты түрде жинақтайды және/немесе қадағалайды:

a.        Клиенттің мобильді телефонының нөмірлерін, электронды пошта мекен- жайлары, компьютері/құрылғысының үлгісін, қызмет пайдаланушысының IP мекен-жайы мен Web-браузер үлгілерін.

b.        Орындаушымен электронды пошта арқылы байланысатын кірушілердің электронды пошталарының мекен-жайлары.

4.        Мұндай әрекеттер келесі мәселелер үшін қажетті деп тапса, Орындаушы пайдаланушылардың жеке ақпаратына қол жеткізуі және/немесе ашуы мүмкін:

a.         Сот, құқық қорғау немесе үкіметтік билік атынан сұрау салуларды орындау, сотқа шақыру қағаздарын, ордерлерді, тапсырыстарды және/немесе сот процесінің өзге де нысандарын орындау.

b.        Пайдаланушы қызметке қол жеткізуді жүзеге асыратын Орындаушының, Орындаушының қызметкерлерінің, қонақүйлердің, мейрамханалардың, сауда көңіл көтеру орталықтарының құқықтары мен меншігін қорғау (келісімді орындауды қосқанда).

c.        Орындаушының қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігін қорғау үшін.

5.        Электронды пошта немесе хабарлама алмасудың өзге де электронды тәсілдерін қоса алғанда (заңмен қарастырылған жағдайларды қоспағанда), Орындаушы кез-келген жеке хабарламаларды әдейілеп қарастырмайды немесе таратпайды. Орындаушы Қызмет арқылы таратылатын немесе қабылданатын ақпараттың мазмұнын қадағалауға міндетті емес. Дегенмен, егер де бұл заңға сәйкес, уәкілетті мемлекеттік органдардың, мекемелердің талаптары, немесе Қызметтің дұрыс жұмыс жасауы үшін, немесе Орындаушыны және оның пайдаланушыларын қорғау үшін, сондай-ақ заңды құқықтары мен мүдделері бұзылған үшінші тұлғаларды қорғау үшін қажетті болса, Пайдаланушы Орындаушының Қызмет арқылы өтетін ақпаратты кезеңімен қадағалауға және кез-келген мәліметтерді ашуға құқылы деген талапты қабылдайды.

6.        Пайдаланушы осы Келісімнің талабын қабылдай отырып, Қызметті пайдалану шеңберінде пайдалану құрылғысында жарнамалық, ақпараттық және өзге де материалдар мен хабарламаларды көрсету арқылы кез-келген нысанда және кез келген түрінде жарнаманы алуға (жарнамалық ақпаратты) келісімін береді.

 

7.        Орындаушы сондай-ақ жеке ақпаратты белгілі бір уақыт аралығында пайдаланушыларды жаңартуларға, жаңа өнімдерге, қызметтер мен алдағы жағдайларға қатысты жолдауларға қатысты жеке ақпараттарды пайдалануына болады.

8.        Электронды ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді қорғау шаралары:

a.        Электронды ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық шараларына онда белгілі бір электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу талабы мен қол жеткізу талабын бұзуға және электронды ақпараттық ресурсты пайдалануға байланысты жауаптылық белгіленетін меншік иесімен және электронды ақпараттық ресурстардың иегерлерімен және ақпаратты пайдаланушылармен жасалатын шарттар болып табылады.

b.        Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастырушылық шараларына, ақпаратқа қол жеткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа (ақпараттық материалды тасымалдағыштар), сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді тұлғалардың ортасы мен ақпараттың сипаттамасына байланысты шектеу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа кірудің ерекше режимін қамтамасыз ету болып табылады.

c.        Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына ақпараттық жүйелерді физикалық қорғау шаралары, ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану, оның ішінде криптографиялық құралды пайдалдану, сондай-ақ қол жеткізуді бақылау жүйесіне және ақпаратқа кірудің фактісін тіркеу шаралары танылады.

d.         Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын пайдалану зиян келтірмеуі керек және азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүліктеріне қауіп тудырмауы керек.

9.        Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес Пайдаланушы осы Келісімді қабылдай отырып, Қызметті пайдалану шеңберінде және Абоненттік құрылғысында көрсету арқылы жарнамалық, ақпараттық және өзге де материалдар мен хабарламаларды көрсету арқылы кез-келген нысанда және кез-келген түрінде жарнаманы алуға (жарнамалық ақпаратты) алдын-ала келісімін береді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.        Осы Талаптардың әрекет ету мерзімі шектеусіз.

2.        Орындаушы біржақты тәртіпте, осындай өзгерістер туралы ақпаратты Пайдаланушыға уақытылы жеткізу туралы талабымен, осы Талаптарға кез-келген өзгерістер енгізуге құқылы.

3.        Қызмет Интернет желісіне қол жеткізу жылдамдығы бойынша, Интернет желісіне қол жеткізу сеансының ұзақтығы, Интернет желісіне қол жеткізу сеансының әрекет ету мерзіміне шектеуге ие болуы мүмкін және жолданатын мәліметтердің көлемі бойынша шектелуі мүмкін.

4.        Пайдаланушының осы Келісімнің талаптарымен келісімі, Пайдаланушының осы Талаптармен қарастырылған әрекеттерді жасау фактісінен көрінеді, атап айтқандаосы Келісімді қандай да бір алып тастаусыз немесе шектеусіз сөзсіз қабылдауды білдіретін, МЖСЖ қосылу арқылы көрінеді.

5.        9 тармақпен қарастырылған әрекетті орындаған Пайдаланушы, Талаптың әрекет етуінің барлық мерзімі бойында, оларға өзгерістер енгізгенге дейін осы Ережемен танысқан және келіскен болып есептеледі.

6.        Пайдаланушы  Орындаушының дербес деректерді өңдеу үдерісінде дербес деректермен келесі әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар болуымен келіседі: жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, пайдалану, жою және Келісімді орындау мен Сайт сервистерін ұсыну мақсатында басқа қажетті  әрекеттер.

7.        Осы Келісіммен келіспеушілік жағдайында Пайдаланушы  Қызметтерді пайдаланудан тез арада бас тартуы тиіс.